Аккредиттелген БАҚ өкілдері көрме мен іскерлік іс-шараларға олардың жұмыс істейтін барлық күндері еркін қатыса алады. Олар аты-жөні жазылған бейджді, жолсілтеме (гид) және басқа да материалдарды алады.
Аккредиттеуге өтінімдер тек ресми тіркелген БАҚ өкілдерінен қабылданады. Automechanika Astana көрмесіне аккредиттелу үшін өзіңіздің байланыс деректеріңізді және қай басылым атынан қатысатыныңызды көрсетіп, өтінімді мына электрондық поштаға жіберіңіз: adilzhan.karimov@bmca.kz.
Көрме туралы жарияланған материалдардың көшірмелерін немесе оларға сілтемелерді ұйымдастырушыларға жолдауды сұраймыз.
Штаттан тыс журналистер (фрилансерлер) өздері өкілдік ететін медианың бас редакторынан ресми хат-өтінішті мына электрондық поштаға жіберуі қажет: adilzhan.karimov@bmca.kz.
БАҚ аккредитациясы жарнама және басқа да коммерциялық бөлімдердің қызметкерлеріне қолданылмайды. Көрмеге тегін кіру үшін олар электрондық билет ала алады.