Ресми қолдау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдары мен жетекші кәсіби одақтар мен ассоциациялар Automechanika Astana халықаралық көрмесін жан-жақты қолдай отырып, іс-шараның іскерлік бағдарламасын әзірлеуге және оны ұйымдастыруға белсенді қатысуда.
2024 жылдан бастап Business Media Central Asia компаниясы Messe Frankfurt-тың Орталық Азиядағы ресми өкілі атанды. Ынтымақтастық туралы келісім 2024 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне еніп, әлемдегі ең ірі көрме, конгресс және іс-шара ұйымдастырушы компанияның мүдделеріне Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Түрікменстанда өкілдік етуге мүмкіндік береді. Бұл серіктестік қазақстандық компанияларға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың халықаралық нарыққа шығуына және ірі салалық іс-шараларға қолжетімділігін арттыруға жол ашады.
2024 жылдан бастап Automechanika Astana және Komtrans Astana/Futuroad Expo Astana көрмелерінің серіктесі ретінде Қазақстан автокөлік одағы (ҚАО) қатысып, іс-шара аясында белсенді ынтымақтастық жүргізуде.
2019 жылдан бері көрме Қазақстанның Автокөлік бизнесі қауымдастығымен (АКАБ) тиімді ынтымақтастық орнатып келеді, ал сол жылдың желтоқсанында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сол жылы, желтоқсан айында, Қазақстан Республикасының «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамымен өзара түсіністік және Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Көрменің басқа серіктестері қатарында келесі беделді кәсіби қауымдастықтар бар:
- Қазақстан Республикасының Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағы (КазАТО);
- «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ;
- «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлікшілер одағы (Көлік және логистика ұйымдарының және ассоциацияларының одағы).