Automechanika Astana көрмесі 2026 жылдың 10-12 маусымы аралығында халықаралық деңгейдегі "EXPO" көрме орталығында өтеді.
Көрме залы халықаралық ең жоғары стандарттарға сай. Мұнда заманауи байланыс жүйелері бар, барлық инженерлік коммуникациялар тартылған және кіріп-шығуға да ыңғайлы. Павильонда бағаналар жоқ, сондықтан стендтерді қалауыңызға қарай — стандартты да, эксклюзивті форматта да — еркін орналастыруға болады.
Халықаралық көрме орталығы "EXPO"
Көпфункциялы бизнес-арена халықаралық және ұлттық көрмелерді, конгрестерді және басқа да маңызды іс-шараларды өткізуге арналған:
Орталықтың жалпы ауданы – 23 179 м²;
Көрме залдарының ауданы – 12 000 м²;
Төбелердің биіктігі – 12 м;
Конференц-залдардың саны – 6;
Барлық конференц-залдардың ауданы – 765 м²;
Food-court алаңы – 110 м².
Өткізу орны:
Қазақстан, Астана, МВЦ "EXPO", Мангилик Ел даңғылы, 53/1
Өткізу мерзімдері:
2026 жылғы 10-11 маусым, сағ.: 10:00 – 18:00 2026 жылғы 12 маусым, сағ.:10:00 – 16:00
Қалай жетуге болады?
Халықаралық көрме орталығы EXPO мына мекенжайда орналасқан: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1. Орталық Астана әуежайынан шамамен 9 км жерде. EXPO-ға келудің бірнеше ыңғайлы жолы бар: 1) Такси. Такси қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Қаланың кез келген ауданынан EXPO-ға қысқа уақытта жетуге болады. Көлік шақыру үшін Uber, Yandex Go, inDrive сияқты сервистерді немесе әуежайдағы такси қызметін пайдалана аласыз; 2) Әуежайдан немесе теміржол вокзалынан трансфер. Жүргізуші сізді әуежайда немесе вокзалда қарсы алып, көрсетілген мекенжайға жеткізеді; 3) Қоғамдық көлік (ең үнемді нұсқа). №12, №10, №40, №47 автобустарымен, сондай-ақ экспресс №100 және №102 бағыттарымен «ЖК Expo City» аялдамасына дейін келуге болады.