Алматы мен Астанада «Қазақстан Автомобиль Одағы» Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы бірлескен жобаларды қаржыландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК), «Атамекен» ҰКП-ның, ҚР Мәжіліс депутаттарының, салалық қауымдастықтардың, халықаралық сарапшылардың және 200-ден астам қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы – ЕЭК-тің жаңа механизмі. Ол бойынша ЕАЭО елдерінің кәсіпорындары бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін тартатын кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер бюджет есебінен субсидияланады. Қатысудың басты шарты – өндірістік кооперация: жобаға ЕАЭО-ға мүше кемінде үш елдің компаниялары қатысуы тиіс. Бағдарламаға енгізілген салалардың тізімі ЕЭК сайтында жарияланған. Қатысушыларға алғашқы мақұлданған жобалардың мысалдары ұсынылып, олардың нәтижелері көрсетілді.
ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі министрі Гоар Барсегян атап өтті:
«Маңыздысы – бұл механизм қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс істейді. Ол кәсіпорындарға жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізіп, өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінде алғашқы қолдау алған жобалар іске қосылып жатыр».
ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков бұл тетік пилоттық жобаларда сыналғанын және енді кең ауқымды кәсіпорындарға қолжетімді екенін айтты:
«Ең бастысы – мүмкіндігінше көп қазақстандық кәсіпорын бұл құралды пайдалана алуы керек. Бұл біздің өндірушілерге жаңа өндірістерді арзанырақ іске қосуға көмектеседі».
«Қазақстан Автомобиль Одағының» президенті Анар Макашева бизнес үшін ақпараттандырудың маңыздылығын ерекше атап өтті:
«Бүгінде біздің басты міндетіміз – отандық кәсіпорындарға бұл механизмнің қалай жұмыс істейтінін көрсету. Қазақстаннан әзірге жобалар аз, көбіне ақпараттың жеткіліксіздігінен. ЕЭК тарапынан толық түсіндірудің арқасында қазақстандық компаниялар кооперациялық жобаларға белсендірек қатысады деп сенеміз».
Дискуссия барысында айтылған барлық ұсыныстар мен пікірлерді ЕЭК өкілдері тіркеп, жұмысына алды.
Бұл құрал қазақстандық компанияларға нақты мүмкіндіктер ашады – кредит құнын төмендетуден бастап өндірісті кеңейтуге және ЕАЭО нарығына шығуға дейін.