«Қазақстанның Автокөлік Одағының» (ҚАО) деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қараша айында Қазақстанда 25 804 жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника сатылды. Бұл өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда 22,7%-ға жоғары көрсеткіш. Аталған нәтиже елдегі ресми авторитейл нарығы үшін айлық сатылым бойынша рекорд болды.
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қазақстандық дилерлер 207 616 жаңа автокөлік сатты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға артық. Осылайша, 2025 жыл Қазақстан Республикасындағы ресми автомобиль нарығы тарихындағы ең нәтижелі жыл болды.
ҚАО президенті Анар Макашева қараша айында ресми дилерлер арқылы 25 мыңнан астам жаңа автокөлік сатылғанын, ал 11 айдың қорытындысы бойынша жаңа автокөлік нарығы өткен жылдың толық нәтижесінен асып түскенін атап өтті. Оның айтуынша, дилерлер серіктестермен бірлесіп қаржылық құралдар желісін кеңейтіп, арнайы ұсыныстар мен акцияларды іске қосуда. Желтоқсан айы дәстүрлі түрде автокөлік сатып алу үшін ең тиімді айлардың бірі болып қала береді.
Қараша айындағы сатылым көшбасшылары
Қараша айында ең көп сатылған брендтер арасында Chevrolet бірінші орынға шықты — 7 777 автокөлік (+76% өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда).
Екінші орында — Hyundai (5 261 бірлік; +37,9%).
Үшінші орын — Kia (1 990 бірлік; +23,1%).
Төртінші орын — Jetour (1 326 бірлік; +43,7%).
Бесінші орын — Toyota (1 252 бірлік; +3,4%).
Үздік ондыққа сондай-ақ Chery (1 123 бірлік; -25,9%), Haval (1 091 бірлік; -24,9%), Changan (1 006 бірлік; +4,1%), Geely (828 бірлік; -15,3%) және Jac (597 бірлік; -43,5%) енді.
Қараша айындағы ең танымал модельдер
Модельдер рейтингінде Chevrolet Cobalt көш бастады (7 105 бірлік).
Одан кейін Hyundai Tucson (1 945 бірлік) және Kia Sportage (1 320 бірлік).
Төртінші орында — Hyundai Mufasa (1 019 бірлік).
Үздік ондыққа сондай-ақ Hyundai Elantra (907 бірлік), Haval M6 (641 бірлік), Hyundai Santa Fe (614 бірлік), Chevrolet Onix (609 бірлік), Changan CS55 Plus (498 бірлік) және Hyundai Sonata (487 бірлік) кірді.
2025 жылдың 11 айының қорытындысы
2025 жылдың қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша сатылымда Hyundai көш бастады (45 220 бірлік; +19,3%).
Екінші орында — Chevrolet (33 486 бірлік; +26,5%).
Үздік үштікті Kia (21 481 бірлік; +1,9%) түйіндейді.
Одан кейін Jetour (13 012 бірлік; +55,6%), Chery (12 518 бірлік; -7%), Haval (10 424 бірлік; +7,8%), Changan (10 131 бірлік; +31,6%), Toyota (10 075 бірлік; +2,9%), Geely (9 020 бірлік; +24,6%) және Jac (8 787 бірлік; -13,4%) орналасқан.