Қазақстан мен Каспий аймағындағы автокөліктерге арналған ауыстырымды бөлшектер, автокомпоненттер, жабдықтар мен техникалық қызмет көрсету өнімдері саласындағы ең ірі халықаралық көрменің бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Тамаша жаңалық! Automechanika Astana 2025 көрмесіне тіркеу ашылды! Сізді күтеміз!
Неліктен алдын ала тіркелу керек?
Уақытты үнемдеу: Алдын ала тіркеліп, көрме ғимаратына кіруде уақытты үнемдейсіз. Аз кезек — көп уақыт экспоненттермен әңгімелесуге және қызықты стендтерді аралауға мүмкіндік береді.
Эксклюзивті материалдарға қол жеткізу: Тіркелген қатысушылар іс-шараға дейін және кейін арнайы ұсыныстар мен материалдарға қол жеткізеді, бұл сізге сапарыңызды тиімді жоспарлауға көмектеседі.
Іс-шаралар бағдарламасына қатысу кепілдігі: Алдын ала тіркеліп, мастер-класстарға, семинарларға және көрме аясында өтетін басқа да іс-шараларға қатысуға басымдық аласыз.
Көрмеге сапарды ұйымдастыру
Көрмеге ыңғайлы қатысу үшін біз сапарыңызды ұйымдастыруға бірнеше қолдау нұсқаларын ұсынамыз:
Көрме өткізу кезеңінде, соның ішінде монтаж күндерінде, қолжетімді арнайы ұсыныстары бар серіктес қонақүйлердің қызметтерін пайдаланыңыз.