Жаңалықтар

Shell Lubricants компаниясы Automechanika Astana 2026 көрмесінің Бас демеушісі атанды

Shell Lubricants компаниясы Automechanika Astana 2026 көрмесінің Бас демеушісі атанды

Shell Lubricants компаниясы Қазақстан мен Каспий өңіріндегі автокөлік өнеркәсібінің басты оқиғаларының бірі — Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесінің Бас демеушісі болады.

Аймақтағы Shell Lubricants брендінің ресми серіктесі — «Eurasian Machinery» (Евразиан Машинери) ЖШС, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия аумағындағы Shell жағармай материалдарының ірі жеткізушісі. Компанияның Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия елдерінде өкілдіктері мен дистрибьюторлық желісі бар. Атап айтқанда, компания өнеркәсіп саласына, коммерциялық көлікке және жеке автокөлік иелеріне қажетті өнімдерді тұрақты түрде жеткізіп келеді.

Компанияның өз кеңселері, жақсы жолға қойылған логистикасы және 1 млн литрден асатын қойма қоры бар. Бұл Eurasian Machinery компаниясына өңірдегі жағармай материалдары нарығында маңызды орын алуға мүмкіндік береді.

Компанияда 150-ден астам маман жұмыс істейді. Олар Shell өнімдері бойынша техникалық қолдау көрсетіп, жабдықтың тиімді жұмыс істеуіне және шығындарды азайтуға көмектесетін шешімдер ұсынады.

Компания ұсынатын өнімдер:

• мотор майлары;
• трансмиссиялық майлар;
• гидравликалық майлар;
• пластикалық майлау материалдары;
• газ қозғалтқыштарына арналған майлар;
• өнеркәсіптік трансмиссияларға арналған майлар;
• компрессорлық майлар және басқа да өнімдер.

Сонымен қатар компания Shell LubeAnalyst, Shell LubeAdvisor және Shell LubeCoach сияқты заманауи техникалық сервистерді қолданады. Бұл шешімдер клиенттердің техникасы мен жабдықтарының сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуіне көмектеседі.

Shell Lubricants-пен серіктестік Automechanika Astana 2026 көрмесінің автомобиль бизнесін дамытуға, тәжірибе алмасуға және саланың озық шешімдерін таныстыруға арналған халықаралық алаң ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте көрсетеді.

Automechanika Astana 2026 көрмесі 2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.