Астана, сәуір 2025 ж. — Automechanika Astana 2025 халықаралық көрмесі ТМД, Еуропа, Түркия және Таяу Шығыс, т.б. 45 елден келген 14 000-нан астам қонақты қабылдады. Көрме автоқосалқы бөлшектер, сервис жабдықтары мен технологиялар саласында Каспий өңіріндегі ең ірі іскерлік алаң мәртебесін тағы бір мәрте растады.
Экспозиция аясында 1500-нан астам автокөлік бөлшектері мен аккумуляторлардан бастап, диагностика жүйелері мен техникалық қызмет көрсетуге арналған күрделі жабдықтарға дейін өнім түрі ұсынылды. Алаңда 22 елден келген 365 компания өз өнімдерін таныстырды. Олардың қатарында Қытай, Германия, Ресей, Қазақстан, Түркия және Польша бар. Қазақстан тарапынан 54 компания қатысты, олардың ішінде Brissoil LLP, LUKOIL Lubricants Central Asia, RISMI Group және ТОО Kainar-AKB секілді ірі өкілдер болды. Ұйымдастырушылар Automechanika Lovers бағдарламасына қатысып, Automechanika Astana 2025 көрмесінің табысты өтуіне зор үлес қосқан компанияларға ерекше алғыс білдіреді. Биыл бағдарлама аясында Gold мәртебесі бар компаниялар: AUTOS, сондай-ақ Silver мәртебесі бар компаниялар: Shenzhen Xtooltech Intelligent Co., Ltd., XGM Corporation Limited, Yuhuan Ruili Machinery Co., Ltd. және Reflek Technologies Corporation қатысты.
Олжас Сапарбеков, ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі: «Автомобиль жасау — Қазақстанның өнеркәсіптік саясатындағы басым бағыттардың бірі. Өндірістің тұрақты өсімі мен халықаралық серіктестердің қызығушылығы әлбетте байқалуда. Басты мақсат — өндірісті дамыту және технологиялық базаны нығайту үшін жағдай жасау».
Automechanika Astana көрмесі тек салалық шешімдер алаңы ғана емес, сонымен қатар серіктестік орнату, тәжірибе алмасу және стратегиялық диалог жүргізу орнына айналды. Іскерлік бағдарлама аясында жергілікті өндірісті дамыту, «жасыл» технологияларды енгізу және экспорттық әлеуетті күшейту мәселелері қарастырылды.
Әнуар Мәлік, Business Media Central Asia директоры: «Көрме Қазақстанның автосаладағы жаһандық жеткізу тізбектеріне белсенді қатысушыға айналып келе жатқанын көрсетті. Мұндай іс-шаралар бизнес, мемлекет және халықаралық нарық арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа стандарттарын қалыптастырады».
Automechanika Astana 2025 көрмесі ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Business Media Central Asia және әлемдік деңгейдегі көрме ұйымдастырушы Messe Frankfurt қолдауымен өтті.
Алдағы ірі оқиғалар:
🔹 2025 жылғы маусым — Komtrans + BUSexpo Astana
🔹 2025 жылғы маусым — Eurasian Construction Technology Astana

📍 БАҚ үшін байланыс:
info@bmca.kz
info@bmca.kz