Automechanika Astana 2025: Халықаралық ауқым және жаңа мүмкіндіктер
2025-02-28 13:46
Автокомпоненттер, автосервис және жөндеу шешімдеріне арналған басты көрме Automechanika Astana 2025 Қазақстан мен Каспий өңіріндегі жетекші салалық шара мәртебесін тағы да растайды!
Биылғы жылы іс-шараға 20-дан астам елдің қатысушылары жиналады, олардың қатарында автокөлік бөлшектері, жабдықтар мен технологиялардың үздік өндірушілері бар. Көрме 15-тен астам елдің мамандары үшін кездесу алаңына айналып, халықаралық әріптестік пен іскерлік байланыстарды дамытуға бірегей мүмкіндіктер ашады.