Жаңалықтар

Automechanika Astana 2026 көрмесіндегі тарихтағы ең үлкен Қытай павильонына келіңіз және ТЕГІН СЫЙЛЫҚҚА ие болыңыз!

2026 жылғы 10–12 маусым аралығында өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтетін Automechanika Astana 2026 көрмесі өз тарихындағы ең үлкен Қытай павильонын қабылдайды. Қытайдан келетін үздік жеткізушілер Орталық Азияның автобөлшектер нарығын толықтырып, жергілікті сатып алу жүйесін жақсартады. Бұл Қытай мен Орталық Азия арасындағы өндірістік байланысты нығайтып, аймақтағы автосервис саласының жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады.

Рекордтық Қытай павильоны: автокөлікке арналған барлық шешімдер бір жерде

2026 жылғы көрмеге 300-ден астам қытайлық компания қатысады, бұл — бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Көрмеге қойылатын тауарлар автобөлшектер нарығын толық қамтиды: үйреншікті қосалқы бөлшектермен қатар аксессуарлар мен тюнинг, диагностика мен жөндеу, шанақ (кузов) пен сырлау, майлау материалдары, автохимия, сондай-ақ шиналар мен дискілер шығаратын компаниялардың саны айтарлықтай өсті. Түрлі өнімдердин көп болуы ішкі нарықты байытып, Қазақстанның автокөлік индустриясының тұрақты дамуына көмектеседі.

Қазақстанда электромобильдер мен гибридтер (NEV) саудасының тез өсуіне байланысты, 100-ге жуық қытайлық өндіруші жергілікті нарыққа арналған электробөлшектер мен жаңа инновациялық технологияларын көрсетеді. Бұл Қытайдың автокөлік өндірісіндегі жоғары әлеуетін дәлелдейді.

Негізгі қытайлық қатысушылардың арасында:
Қытайлық серіктестермен бірге өткен он жылдық өсу жолы

2016 жылы басталған Automechanika Astana көрмесі осы он жыл ішінде Орталық Азиядағы автобөлшектер мен сервис саласының басты бизнес-орталығына айналды. 10 жылдық мерейтойлық көрме тек маңызды шара ғана емес, Қазақстан мен Орталық Азияның автокөлік секторының тұрақты дамып келе жатқанының белгісі. Қытайлық компаниялар көрмені алғашқы күннен бастап жыл сайын қолдап, аймақтық нарықты сапалы өнімдермен қамтамасыз етіп келеді.

Он жыл ішінде көптеген қытайлық өндірушілер осы көрме арқылы Орталық Азияда өз бизнесін құрды. Жергілікті нарықтың өскенін көре отырып, бұл кәсіпорындар өздерінің халықаралық саудасын да айтарлықтай кеңейтті. Көрмеге бірінші күннен бастап қатысып, осы уақытқа дейін төрт рет келген XGM компаниясының өкілдері былай деді: «Automechanika Astana жергілікті клиенттермен байланыс орнатуға және көрші нарықтарды игеруге мүмкіндік беретін өте маңызды алаңға айналды. Осы көрмеге жыл сайын қатысу — соңғы он жылдағы ең дұрыс шешіміміз болды».

Шаньдун провинциясының стенді қытайлық өндіріс кластерлерінің қуатын көрсетеді

Шаньдун провинциясы шикізат пен негізгі бөлшектерден бастап дайын көліктерге дейінгі бүкіл автокөлік өндірісі дамыған аймақ ретінде танымал. Ол жаңа энергиямен жұмыс ісетін аккумуляторлар мен автобөлшектер шығарудан алдыңғы қатарда тұр. Алдағы көрмеде Шаньдуннан келетін 46 кәсіпорын автобөлшектер, аксессуарлар, шиналар мен майлау материалдарының кең таңдауын ұсынады.

Қытайлық жеткізушілерді тауып, тегін сыйлық алыңыз

Барлық сатып алушылар мен көрмеге келушілерді жеткізушілерді табуға көмектесетін Қытай ақпараттық үстеліне (China Information Desk) шақырамыз. Мұнда сіздерді эксклюзивті ТЕГІН СЫЙЛЫҚ күтеді.

Сіздерді Automechanika Astana 2026 көрмесінде асыға күтеміз және үздік қытайлық жеткізушілермен тиімді серіктестік орнатуларыңызға тілектеспіз!