Іс-шара аясында Ануар Малик Қазақстан мен Қытайдың экономикалық дамуы үшін ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығына назар аудара отырып, құттықтау сөз сөйледі. Евгений Сергеев BMCA компаниясының Орталық Азиядағы қызметін таныстырып, табысты жобалар мен одан әрі өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін көрсетті. Презентация қатысушылардың белсенді реакциясын тудырды, бұл іскерлік байланыстарды дамытуға қызығушылықтың жоғары екендігін көрсетеді.
Кездесу барысында тоқыма өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, энергетикалық жабдықтар және автомобиль өнеркәсібі сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Ұсынылған өнімдердің әртүрлілігі әр салаларда бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін көрсетеді. Кездесуге қатысушылар елдер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыру және іскерлік байланыстарды нығайту үшін өңірдегі көрме қызметінің маңыздылығын атап өтті. Осылайша, кездесу Хайнин провинциясы мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуындағы маңызды кезең болды. Екі тарап бірлескен күш-жігер болашақта табысты ынтымақтастық пен өзара тиімді жобаларға әкелетініне сенім білдірді.