Жаңалықтар тізіміне оралу

Электромобиль мінуге асықпайтын елдер бар

Африка, Азия және Латын Америкасы дәстүрлі көлік өндірушілер үшін маңызды нарыққа айналуы мүмкін.
closeup-shot-of-a-black-car-in-the-parking-lot-with-a-blurred-background.jpg
Фотосурет: https://ru.freepik.com/free-photo/closeup-shot-of-a-black-car-in-the-parking-lot-with-a-blurred-back...

Лондондағы Carbon Tracker талдау орталығы Қытай, Еуропа және Солтүстік Америка өз тұрғындарын электромобиль алуға мәжбүрлеп жатқандықтан, автоконцерндер экологияға еш пайдасы жоқ өнімдерін қоршаған ортаның жай-күйіне бас ауыртпайтын елдерге бағыттайды деп болжады.

Ол қатарда Үндістан, Аустралия, Таиланд, Түркия, Индонезия, Малайзия, Ресей және ОАР бар. Бұлар электромобильді айтпағанда, тііпті зиян газды аз бөлетін көлік алуға тырыспаған. Орталық сарапшылары бұл елдер қолдан арзан электрокар аламыз деп үміттенбей-ақ қойсын деді, өйткені қолданыстан шыққан модельдерді өндіруші қайта өңдейді.

Баяндамада іштен жанатын қозғалтқышы бар машинадан арылу жоспарында жоқ мемлекеттер жердегі климатты өзгертіп, өз ауасын тазарта алмайтыны былай тұрсын, жанғыш отынға күні қарап қалады деп жазылған. Мәселен, Африка бензин мен дизель алуға жыл сайын 80 миллиард доллар жұмсайды екен.

Carbon Tracker мамандары «артта қалған» елдердің билігіне электр күшімен жүретін көлікке өту процесін тездетуге кеңес берді. Ол үшін ауаға тарайтын зиян газ мөлшерін шектеу, салыстырмалы түрде жаңа модельдер импорттау, электромобильді салықтан босату және электрокар өндірісіне ден қою қажет.