Жаңалықтар тізіміне оралу

BMCA Futuroad Expo Astana/Komtrans 2024 шақырады

BMCA халықаралық көрме компаниясы Орталық Азиядағы коммерциялық көлік және жол-құрылыс техникасы саласындағы жетекші оқиға болып табылатын Futuroad Expo Astana / Komtrans 2024 көрмесіне қатысуға шақырады. Көрме 2024 жылдың 17-19 сәуірі аралығында Қазақстанның бас қаласы Астанада өтеді.
Ұйымдастырушылар Астанадағы Komtrans-та жүк және коммерциялық көлік құралдары саласындағы соңғы әзірлемелер мен технологияларды ұсынатын компаниялардың қатысуын кеңейтуді күтуде. Futuroad Expo Astana / Komtrans 2024 қатысушылары арасында - Truck Motors, Trans Starter, СВС-ТРАНС, Truck Service Kazakhstan, Вираж және басқалар бар.

021A4440.jpg

Қазақстандағы коммерциялық және жол-құрылыс техникасы нарығы

Өткен жылғы көрме жүк көліктері мен фургондар, арнайы автотехникалар, құрамдас бөлшектер мен қосалқы бөлшектер, автобустар мен минивэндер, жол таңдамайтын көліктері мен жол талғамайтын көліктер (внедорожник), тіркемелер мен жартылай тіркемелер, тиегіштер, көтергіштер мен крандар, жол-құрылыс техникасы сияқты өнімді топтарға қызығушылық танытқан әр түрлі елдерден 10 500-ден астам келушілерді тартты.

Қазақстанда жүк көліктерінің, тартқыштар мен автобустар нарығында сапалы және қауіпсіз техниканың жетіспеушілігі айтарлықтай сезіледі. Елдің осы сегментінде өндіріс көлемі әлі аз-2022 жылы тек 7,8 мың жүк көлігі мен 1,4 мың автобус шығарылды.

Қазақстанның өнеркәсіп вице-министрі Ілияс Оспанов ескірген автобустар паркіне қатысты мәселенің күрделеніп кеткені соншалық оны жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының револьверлік құралдары арқылы шешуге ниетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа автобустарға деген қажеттілік жылына 2 мың бірлікті құрайды.
Сонымен қатар өңірлік қызмет көрсету желілерін жолға қою және халықаралық клиенттерге сатудан кейінгі сенімді қызмет көрсетуді және қосалқы бөлшектерге үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Бұл аспект аймақтағы автомобиль өнеркәсібін дамытуда негізгі болып табылады.

Қазақстанның автожол инфрақұрылымына жаңа инвестициялар

Қазақстан үкіметі алдағы алты жыл ішінде елдің автожол инфрақұрылымын дамытуға 15 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр.

Көлік министрі Марат Қарабаев New Silk Way халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумында стратегиялық маңызды қадам Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының тиімділігін жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Жоспарларға Қытай мен Ресей, сондай-ақ Қытай мен Еуропа арасында толыққанды транзиттік хаб құру үшін алдағы бес-он жылда бес мың шақырым жаңа жол салу және қайта салу кіреді.

021A4347.jpg

Үлкен мүдде мен өзектілікті ескере отырып, Futuroad Expo Astana / Komtrans 2024 барлық мүдделі қатысушылар мен келушілерді осы маңызды оқиғаға қосылуға шақырады.
Бұл көрме коммерциялық көлік саласындағы озық әзірлемелер мен технологиялармен танысуға, саланың ағымдағы үрдістері мен даму перспективаларын талқылауға тамаша мүмкіндік береді.

Біруақытта Komtrans Astana-мен бір алаңда Қазақстан мен Орталық Азияда автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер, автокомпоненттер, жабдықтар мен тауарлардың Automechanika Astana халықаралық көрмесі өтеді.

Futuroad Expo Astana / Komtrans 2024-ке қосылыңыз және Орталық Азияның автомобиль индустриясының болашағын қалыптастыратын процестердің бір бөлігі болыңыз.
Толық ақпаратпен Сіз comtrans.kz. ресми веб - сайтынан таныса аласыз.

Баспасөз сұраулары үшін:

PR-менеджер
Майлыбаева Айнагуль
Моб. +7 777 246 36 36
ainagul.mailybayeva@bmca.kz